«Сот жүйесіндегі қазақ тілін жаңғырту» тақырыбындағы семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

      Сот жүйесіндегі қазақ тілін жаңғырту тақырыбында Ұлытау облысының МАӘС-ның  судьялар және мамандар  арасында семинар өткізілді.

      Сот төрағасы Ж.О.Кишенов  Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі ‑ мемлекеттік тіл екендігін атап өтті.

      Қазақ елінде, қазақ жерінде, қазақ тілі ‑ мемлекеттік өркендеуі қажет, оған тек қазақ халқының ұрпақтары ғана емес, бүкіл Қазақстан елінде өмір сүріп жатқан адамдар үлес қосуы керек. Мемлекеттік тілді игеру деген сөз мемлекет азаматы болып өмір сүру деген сөз, өзінің өмір сүріп отырған мемлекетте және сол мемлекетті құрған халыққа «азаматпын» деп берген уәдені орындау деген сөз.

      Қазіргі уақытта мемлекеттік тілдің тағдырын кәсіпорындарды,  ұйымдарды, мекемелердің басшылары аудармашыларға немесе мемлекеттік тілге жауапты қызметкерлерге жүктеп қоюда. Ал, тілдің тағдыры тек мұнымен шектелмеу керек.

      Шара соңында, келген тараптарға заң кеңесін берген кезде оған талап қоюды оның өкілі емес, өз еркін сөйлейтін тілде беру мүмкіндігінің бары түсіндірілу қажеттігіне аса назар аударылды.

 

 

Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі