Құжаттарды қабылдау және беру кестесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбiден жұманы қоса есептегенде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Анықтама телефоны:  +7 (7102) 76-17-74

Республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, мекен- жайы: Жезқазған қаласы, Гагарин к-сі, 42 үй.

Жауапты қызметкер: Төлеубай Сымбат Төлеубайқызы – "Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті" РММ ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы.

 

КӨРСЕТУ МЕРЗІМІ

  • порталда - 1 жұмыс күні
  • облыстар,қалаларында орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне - 1 жұмыс күні
  • басқа Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне - 5 жұмыс күні
  • ҚР дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша – 5 жұмыс күні.

 

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ  ЖӘНЕ НӘТИЖЕСІН БЕРУ

  • «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ
  • www.egov.kz«электрондық үкіметтің» веб-порталы»
  • Департаменттің  кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

ҚР дипломатиялық өкілдіктерімен консулдық мекемелерінің өтініштерін қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру Департамент кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

Қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде:

  • өтініш
  • жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін)
  • апостиль қою үшін ұсынылатын сот органдарынан шығатын ресми құжат
  • егер қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген жағдайда нотариалдық куәландырылған сенімхат (салыстырып тексеру үшін)
  • көрсетілетін қызметті алушы Т.А.Ә (болған жағдайда) өзгерткенін растайтын құжаттың көшірмесі (егер өзгерту ҚР аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген жағдайда құжаттың көшірмесі ұсынылмайды)
  • мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).

 

Портал арқылы жүгінген кезде:

  • ЭЦҚ куәландырылған электрондық өтініш
  • апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі)
  • мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі) (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда)
  • көрсетілетін қызметті алушы Т.А.Ә (болған жағдайда) өзгерткенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі) (егер өзгерту ҚР аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген жағдайда құжаттың көшірмесі ұсынылмайды).

 

МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ МӨЛШЕРІ

әрбір апостиль қойылатын құжат үшін 1 АЕК-нің 50% мөлшерінде

ӨТІНІШТІ ҚАБЫЛДАУДАН  БАС ТАРТУ ҮШІН НЕГІЗДЕР

  • құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну
  • әрекет ету мерзімі өткен құжаттарды ұсыну

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ КӨРСЕТУДЕН БАС ТАРТУ ҮШІН НЕГІЗДЕР

  • құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау
  • ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы №67 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі мен шарттары туралы бірыңғай қағидаларының және «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі.