Жаңалықтар

«Құмар ойындарға тәуелділік қазіргі қоғамның дерті» тақырыбында семинар өткізілді

30/11/2023

         Ұлытау облыстық сотында Ұлытау облысы бойынша Сот әкімшілігі департаменті қызметкерлерінің, Соттар әкімшісінің басшылары мен мамандарының қатысуымен «Құмар ойындарға тәуелділік қазіргі қоғамның дерті» тақырыбында семинар өткізілді.

         Семинардың мақсаты: құмар ойындарға тәуелділіктің даму кезеңдері кезеңдерін, сондай-ақ құмарлықтың қай кезеңде басталатынын және құмар ойынына тәуелді адамда қандай белгілерді көрсететінін талқылау.

"Жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыбындағы семинар

30/11/2023

        Жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ж.Б. Достияров Сәтбаев қаласындағы «Денсаулық» колледжінің студенттеріне семинар сабағын оқыды.

        Аталған іс-шараға Сәтбаев қаласының әкімдігінің, прокуратурасының және полициясының өкілдері, студенттер және олардың топ жетекшілері қатысты.

"Соттарда мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру" тақырыбындағы дөңгелек үстел

24/11/2023

       Ұлытау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылдың 2-жартыжылдығына арналған іс жоспарына сәйкес, Ұлытау облыстық соты жергілікті соттарының судьялары, Ұлытау облыстық прокуратурасының басқарма прокурорлары А.С. Қамашев пен М.Б. Саруар, Ұлытау облысы адвокаттар алқасының төрағасы К.З. Утемисов, Ұлытау облысының өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Е.А. Сарсенов, Ұлытау облысы Нотариаттық палатасының төрағасы М.К: Шубаева, Халықаралық Медиация орталығы РҚБ Ұлытау облысы бойынша директоры Ж.А.

Азаматтық істер бойынша татуластыру рәсімдерін жүргізу және сотқа дейінгі хаттаманы ресімдеу

24/11/2023

        Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Азаматтық істер бойынша татуластыру рәсімдерін жүргізу және сотқа дейінгі хаттаманы ресімдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

        Дөңгелек үстелге ірі бизнес өкілдері: «Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны» ЖШС, «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «KAZAKHMYS SMELTING (ҚАЗАҚМЫС СМЭЛТИНГ)» ЖШС қатысты.

Мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы әкімшілік істерді қарау кезінде мемлекеттің мүдделерін жалған қорғау тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

24/11/2023

          Ұлытау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылдың 2-жартыжылдығына арналған іс жоспарына сәйкес, Ұлытау облыстық соты жергілікті соттар, Ұлытау облыстық прокуратурасының, Ұлытау облысының «Жер қатынастары бөлімі» ММ-нің, Ұлытау облысының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің,  Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің, «Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» РММ-нің, Ұлытау облысының әкімдігінің мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің, Жезқазған қаласы әкімдігінің мемлекеттік құқықтық жұмыс

Ұлытау облыстық сотында судья-тәлімгерлердің қатысуымен семинар өткізілді

23/11/2023

       Ұлытау облыстық сотында жаңадан тағайындалған судьяларға сот төрелігін іске асыруға бейімдеу және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында кезекті семинар өткізілді.

       Семинарды аша отырып, облыстық соттың судьясы – Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Р.Мұқатаев талқыланатын тақырыптардағы оқыту іс-шарасының судьяларға маңыздылығын түсіндірді.

       Облыстық соттың судьясы Ж.Егембердиева Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 72 бабымен қарастылырған жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату тақырыбында баяндама жасады.

Мектеп оқушыларымен өткізілген кездесу

22/11/2023

      Жезқазған қаласының №3 Жалпы білім беретін мектебінің қабырғасында облыстың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Қ.Әлжановамен 6 сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратқандары үшін сотталды

14/11/2023

           Ұлытау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «К.» және «С.» адамдар тобы болып, аса қатыгездiкпен жасалған адамды өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату бойынша тағылған айыппен сотталды (ҚР ҚК-нің 99-б. 2-б. 5,7 т.).

Беттер