
ЖАДНАМА
Құрметті сот ісін жүргізудің қатысушысы!
Жоғарғы Сотқа жүгінбес бұрын келесіні ТЕКСЕРУІҢІЗ қажет:
-
Кассацияның Сіздің өтінішхатыңызды қарауға құқығы бар ма? (АПК-нің 434-бабының 2-бөлігі - кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатпайтын сот актілерінің тізімі);
-
Өтінішхат дұрыс толтырылған ба (АПК-нің 441-бабы) және Сіздің өкіліңіздің құжаттары ресімделген бе (АПК-нің 58-бабы)?
Өтінішхатқа сенімхатты, жоғары заң білімі туралы дипломның расталған көшірмесін, ордерді (адвокаттар үшін) тіркеу қажет.
-
Мемлекеттiк баж дұрыс төленген бе?
-
Салық кодексінің 610-бабын;
-
АПК-нің 104-бабын;
-
«Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 07.07.2016 жылғы № 6 Нормативтік қаулысының 3-тармағын;
-
соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босатуды (Салық кодексінің 616-бабы) мұқият оқуыңыз қажет.
-
Жоғарғы Сотқа мемлекеттік баж төлеу үшін төлем деректемелері.
Бенефициар:«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі
БСН: 081240013779
ЖСК: KZ24070105KSN0000000
Бенефициар банкі:«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ
БСК: KKMFKZ2A
Салық органының коды: 6205
БКК 108126
ТТК 911.
ЕСКЕРТУ:
Егер жергілікті соттардың сот актiлерi кассациялық тәртіппен қаралуға жатпайтын болса (I.т. қараңыз) немесе шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, тараптар АПК-нің 438-бабының 6-бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Жоғарғы Сот Төрағасының атына ұсыну енгізу туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
Өтінішхат II - IV.т.т. көрсетілген жоғарыда аталған талаптарға сәйкес ресімделеді.