Архив событий

13/03/2024

Шетел азаматы ҚР-ның көші-қон саласындағы заңнамасын бұзды

13/03/2024

       Сәтбаев қалалық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабының 4 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін «М.» деген азаматқа қатысты іс қаралды.

Сот шешімімен уақытша өтемдік тарифті бекіту жөніндегі бұйрықты заңсыз танып, күшін жою туралы талап қанағаттандырусыз қалдырылды

13/03/2024

        Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Ж» АҚ-ның табиғи монополиялар департаментіне қойған жоспардан тыс тексеріс тағайындау, тексеріс нәтижелері бойынша нөмірленген және нөмірі жоқ актілерді,бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы, уақытша өтемдік тарифті бекіту жөніндегі бұйрықты заңсыз танып, күшін жою туралы әкімшілік іс қаралды.

        Істің мәні бойынша: талап қоюшы аймақтық электр жүйелері арқылы заңды тұлғаларға электр энергиясын жеткізу және беру қызметімен айналысады.