"Сот кабинеті" сервисін дамыту

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

       Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының әкімшісі басшысы Д.С.Кошжанова бас маман- сототырысының хатшыларымен  «Сот кабинеті» сервисін дамыту шеңберінде азаматтық және әкімшілік істер бойынша «Танысу» енгізілген модульдер бойынша  жұмыс барысында назарға алынып, қолдану үшін семинар өткізілді.

       Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес сот жүйесінің қызметіне жаңа ақпараттық технологияларды еңгізуді қажеттілігі туындады.

      «Сот кабинетінде» авторизациядан кейін модуль қатысушы тараптарға істің материалдарымен танысуға мүмкіндік береді. Іс материалдарына түпкілікіті шешім шығарылғанға дейін сот ісін қараудың барлық уақытында қол жеткізуге болады.

       Сот жүйесінде жоғарыда аталған электрондық қызметтер тәріздесқазіргі замаңғы технологияларды еңгізу және қолдану сот ісін жүргізуді оңайлатады.

       Жылдан жылға «Сот кабинеті» сервисіне толықтырулар еңгізіліп, қызмет сапасы артып келеді.

       Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының сот жүйесіне жаңа технологияларды еңгізу, халықтың сот төрелігіне қолжетімділігін жоғарылатады.

       Жоғарыда көрсетілген семинар бойынша талдау жасалынып, өзара талқыланды.

 

Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі