Бірнеше мәрте қылмыс жасады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

       Сәтбаев қалалық сотымен азамат «С»-ке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабы 1 бөлігімен, 190 бабы 1 бөлігімен, 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағында  көзделген қылмыстық іс қаралды.

       2023 жылы азамат «С» өзінің бұрынғы соттылығына қарамастан, жұмысқа тұрғызамын және зейнетақы қорынан ақша шешіп беремін деп, ақшалай қаражатқа мұқтаж болып, оны оңай және өзіне заңсыз олжа табу мақсатында алаяқтық жасауға, яғни ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін сенімді теріс пайдалану жолымен жымқыруға бағытталған қылмыстық құқық бұзушылық жасап, жәбірленушілерден жалпы соммасы  2 130 000 теңге қаражат алып, материалдық шығын келтіріп, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған, яғни алаяқтық, бірнеше рет, ірі мөлшерде алдау жолымен бөтеннің мүлкін жымқырған.

       Сондай-ақ, 08.01.2024 жылы азамат «С» жәбрленуші «М»-нің  банктің мобильдік қосымшасы арқылы оның есеп шотынан жасырын ақшалай қаражатын жымқырып, букмерлік кеңсесінің сайтына бәстігу үшін (ставка) аударым жасап, соңғыға 300 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтіріп, ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігінде көзделгендей бөтеннің мүлкін жасыру түрінде жымқырып, қылмыс жасаған.

       Сот отырысында сотталушы «С» кінәсін толығымен мойындап, айыптау актісінде көрсетілген мән-жайлар мен іс бойынша жинақталған айғақтарды дауламайтынын көрсетті.

       Сәтбаев қалалық сотының 20.03.2024 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190 бабы 3 бөлігі 4 тармағымен, 188 бабы 1 бөлігімен  сотталушы «С» кінәлі деп танылып, ҚК-тің 58 бабы 6 бөлігі, 60 бабы 6 бөліктеріне сәйкес, түпкілікті 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

       Сот залынан дереу қамауға алынды.

       Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Сәтбаев қалалық сотының баспасөз қызметі