Адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

      Жезқазған қалалық сотында абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру бойынша айып тағылған азамат «К.»-қа қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі).

      Соттың анықтағаны:

      2023 жылғы 19 тамызда сағат 11.30 шамасында «К.» Жезқазған қаласы, Абай көшесінде орналасқан үйдің артында бола тұра, өзінің танысы «С.»-пен ішімдік ішкен, сол кезде олардың арасында жанжал туындап, «К.» ағаш таяқшамен «С.»-ның басынан бір рет соққы жасап, оған ауыр дене жарақатын салған, соққы нәтижесінде соңғы тізерлеп отыра қалды, ал «К.» оқиға болған орыннан жасырынып кетті. 2023 жылғы 20 тамызда «С.» жедел жәрдеммен қалалық аурахананың жан сақтау бөліміне жеткізілді, сол жерде «С.» есін жимастан, бас миының ашық жарақаты нәтижесінде, ми қабықшасының астында жиналған қаннан мидың қысылуы салдарынан қайтыс болған.

      Сотталушы кінәсін ішінара мойындап, жәбірленушінің басынан соққы жасағандығын жоққа шығарған жоқ, алайда жәбірленушінің өлімі оның әрекеттерінің нәтижесінде орын алмағандығын көрсетті.

      Жәбірленуші сотталушыға Заң бойынша жаза тағайындауды сұрады.

      Сот отырысында сотталушының кінәсі сотта зерттелген дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденді.

      Соттың үкімімен «К.» тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, оған аталған бап бойынша 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

      Үкім заңды күшіне енді.

 

 

 Жезқазған қалалық сотының баспасөз қызметі