жм, 10/11/2023 - 17:38


Ұлытау облыстық сотының төрағасы Қ.Т.Адранов Жаңаарқа аудандық сотының ғимаратында аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға Жаңаарқа ауданының прокуроры Қ.Қ.Таттекенов пен Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.А.Рыспеков қатысты.
Жергілікті аудан тұрғындары белсенділік танытты. Азаматтардың өтініштері құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғауға, атап айтқанда, еңбек дауларына, отбасылық жағдайларға, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулауға байланысты болды.
Қ.Т.Адранов әр сұраққа қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіре отырып, жан-жақтылы жауап берді. Атап өтілгендей, түйткіл жағдайлар бойынша қажетті сұраулар салынды.
Азаматтар шағым айту мақсатымен емес, нақты заңды тұрғыда көмек алу үшін келді. Қабылдауға келген азаматтардың көпшілігі өздерін толғандырған мәселелер бойынша нақтылы жауаптар алды. Олар облыс төрағасына алғыстарын білдірді.
Ұлытау облыстық сотының баспасөз қызметі