Сс, 14/11/2023 - 15:58


Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ж.Б. Достияров Сәтбаев қаласындағы «Сәтбаев индустриялық колледжінің» студенттеріне семинар сабағын оқыды.
Аталған іс-шараға Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің және Сәтбаев қалалық әкімдігінің өкілдері, студенттер мен олардың топ жетекшілері қатысты.
Өзінің баяндамасында Ж.Б. Достияров қылмыстық құқық бұзушылық туралы, ол үшін кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, оның салдары туралы сотпен қаралған істер бойынша мысалдар келтіре отырып түсіндірді. Оған қоса, бүгінгі күні жасөспірімдердің тарапынан жиі орын алып отырған қылмыстар – ұрлық, бұзақылық, қорқытып алу, алаяқтық, тонау, нашақорлық заттардың заңсыз айналымы сияқты әрекеттерге толығырақ тоқталды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, түскен сұрақтарға жауаптар берілді.
Қайнар: Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі