Ср, 08/11/2023 - 14:54


Бүгін «Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» РММ басшысы Жалғас Айтжан ұжымға Департамент басшысының жаңадан тағайындалған орынбасары Асхат Қайратұлы Кошановты таныстырды.
Анықтама үшін:
Кошанов Асхат Қайратұлы 1983 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген.
2004 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» факультетінің «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының жетекші маманы – сот приставы, кеңсенің жетекші маманы қызметтерін атқарған.
2005-2007 ж.ж. Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы лауазымын атқарған.
2007-2009 ж.ж. Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының бас маманы лауазымын атқарған.
2009- наурыз 2023 ж.ж. Қарағанды облысының Саран қалалық сотының кеңсе меңгерушісі болған.
2023 жылдың наурыз айынан Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Соттар әкімшісінің басшысы болып қызмет атқарған.
Ұлытау облыстық сотының баспасөз қызметі