жм, 10/11/2023 - 17:09


2023 жылдың 9 қарашасында Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотымен "Бизнес субъектілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында туындайтын проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары" және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға шағымдарды қарау» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді.
Оған Ұлытау облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделері қорғау басқармасының прокуроры М.Б.Саруар, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Департаменті превенция басқармасының басшысы А.Э.Уандыков, Атамекен кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Г.Ж.Сутбаев, Жезқазған қаласы прокуратурасының прокуролары А.Д.Жақанбай, Т.Тілектес, Көлік логистика және құрылыс кеңесінің төрағасы, Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы К.Р.Рамазанов, Ұлытау облысы полиция Департаментінің әкімшілік практика бөлімінің бастығы А.М.Абилкасимов, Жезқазған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының заң бөлімінің басшысы С.Е.Жунусбеков қатысты.
Кездесуді аша отырып, сот судьясы Р.М.Есибаева бизнес субъектілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді соттың қарау тәжірибесі туралы, ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хабардар етті. Бизнес саласындағы заңдылықтың бұзылуының алдын алу, кәсіпкерлерге олардың құқықтары мен міндеттерін ақпараттық түсіндіру туралы мәселелер қаралды. Сондай ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзімдерін сақтау және істерді сотқа уақытылы жіберу қажеттілігі туралы мәселелер талқыланды.
Кездесу барысында өзекті мәселелер көтеріліп, қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі