Архив событий

10/11/2023

Ұлытау облыстық сотының төрағасы Жаңаарқа ауданының тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.

10/11/2023

       Ұлытау облыстық сотының төрағасы Қ.Т.Адранов Жаңаарқа аудандық сотының ғимаратында аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.

       Қабылдауға Жаңаарқа ауданының прокуроры Қ.Қ.Таттекенов пен Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.А.Рыспеков қатысты.

       Жергілікті аудан тұрғындары белсенділік танытты. Азаматтардың өтініштері құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғауға, атап айтқанда, еңбек дауларына, отбасылық жағдайларға, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулауға байланысты болды. 

Бизнес субъектілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында туындайтын проблемалық мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел

10/11/2023

       2023 жылдың 9 қарашасында Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотымен "Бизнес субъектілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында туындайтын проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары" және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға шағымдарды қарау» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді.