ҚР Сот әкімшілігінің Ұлытау облысы бойынша Департаментінің басшысының орынбасары тағайындалды
08/11/2023
Бүгін «Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» РММ басшысы Жалғас Айтжан ұжымға Департамент басшысының жаңадан тағайындалған орынбасары Асхат Қайратұлы Кошановты таныстырды.
Анықтама үшін:
Кошанов Асхат Қайратұлы 1983 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген.
2004 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» факультетінің «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.